Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Басын жұлып кеткен: Павлодарда әскери қызметкер «КамАЗ» дөңгелегі жарылуы салдарынан мерт болды

13.06.2022

1524 0

Павлодарда «КамАЗ» жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, салдарынан әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы жағдай туралы ақпарат жедел жәрдемге 19:17-де келіп түскен. 

«1990 жылы туған ер адам «КамАЗ» көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Алайда дөңгелек жарылып, ер адам алған жарақаттарынан мерт болды», – делінген Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Анықталғандай ер адам Павлодардағы №5512 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген. 

Туыстарының айтуынша, ер адамды еңбек демалысында жүргенде көлікті жөндеу үшін шақыртып алған. Жарылыс салдарынан оның басы жұлынып кеткен. Марқұмның артында жүкті әйелі мен қызы қалды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: