Сәрсенбі, 02 шiлде, 02:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Батыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты

05.06.2025

593 0

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында қайғылы жағдай болды. Жекеменшік үйден өрт шығып бес бала қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем тобы жеткен. Құтқарушылар балаларды жанып жатқан үйден шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген.

“Балалар тіршілік белгілерінсіз жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, оларды аман алып қалу мүмкін болмады”, – делінген Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың өліміне көмірқышқыл газымен улану себеп болған. Сырым ауданы әкімдігі сағат 15:00 шамасында Жымпиты ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді. 

“Қаза тапқан балалардың жасы 1 жастан 6 жасқа дейін. Олар бір отбасының баласы”, – делінген хабарламада. 

Балалардың 35 жастағы әкесі “Демалыс орталығы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, ал анасы жергілікті дүкенде жұмыс істейді. Бес балалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: