Сейсенбі, 26 қараша, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Белгілі тележурналист Владимир Рерих өмірден озды

21.01.2024

333 0

Фото: stan.kz

Танымал тележурналист, медиаменеджер Владимир Рерих дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлай

Владимир Рерих 1996-2003 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде қызмет атқарып, ұйымның қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосты.

“Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…
Володя,Владимир,Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…
    1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.
Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар,кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді.
Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…
Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой…
Мына дүниеден тыныштық таппаған,түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын!
Кешір мені!”, – деп жазды марқұмның экс-жұбайы. 

Желі қолданушылары мен әріптестері қайғыра көңіл айтып жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: