Бейсенбі, 23 қазан, 19:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Белгісіз дрон құлап, жарылыс болды

23.10.2025

73 0

Фото: "Типичный Ақсай "

Батыс Қазақстан облысы Қызылтал ауылы маңынан тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қорғаныс министрлігі өңірде шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы болғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға елді мекендерден алыс жерде, адамдар тұрмайтын аумақта болған. Зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның қайдан келгенін анықтауға бағытталған тексеру шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, әуе кеңістігіне бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуінің алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылданған.

Аталған аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік әріптестермен кеңес жүргізіліп жатыр, – деп нақтылады ведомство.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: