Әлеуметтік желідеәлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына соққы жасап, оны жаралаған видеосы тарады. Оқиға Шымкентте орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске сәйкес Қылмыстық кодекстің 380-бабы «Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция.
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!