Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бір отбасы түгел газға уланып қалған

13.09.2024

421 0

Бір отбасы газға уланды. Кәмелет жасына толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алды,

деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде пеш мұржасының бітелуінен болған. Дәрігерлер ересектерді тексеріп, ем тағайындады. Ал 2012 және 2016 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты.

Өңірде биыл көмірқышқыл газынан улану салдарынан 20 адам зардап шегіп, 3 азамат қаза тапқан.

«Көмірқышқыл газының иісін бірден сезбейсің. Басыңыз ауруы мүмкін. 9 қыркүйекте 2 баланың газға уланғаны туралы хабарлама түсті. Келген кезде пештің мұржасы бекітіліп, сол себепті түтіннің шықпағаны анықталды», – деді СҚО Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Нұрлан Баяхметов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: