Әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз басталды. Сотталушының қорғаушылары Бишімбаевты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте жағымсыз кейіпкер етіп көрсеткендеріне қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бұған дейін зәбір көрген тараптың сөздеріне жауап берді. Оның сөзінше, Бишімбаев әйелін үнемі азаптады деген айып орынсыз.
“Қуандық Салтанатты қаралады деп жатыр. Бірақ оның басқа таңдауы қалмады. Оған өте ауыр айып тағылып жатыр. Оның құқықтары бұзылып, қосымша сараптаманы қоспағанын айтпағанда, оның есімі қоғамда жағымсыз теңеуге айналды”, – деді Рамазанова.
Сөзінше, Бишімбаев Нүкенованың көңідін аулау үшін бәрін жасап, құшағын қымбат сый-сыяпаттарға толтырды.
“Қымбат сыйлықтар сыйлап, думанды той жасады. Оның өзіне сенімді, қаржылай тәуелсіз әйелге айналғаны, керемет киім үлгісі, көпшілікті тәнті еткен сұлулылығы – Қуандықтың оған деген махаббатының нәтижесі. Ол өмірінде бірінші рет қазақы нақыштағы ақ көйлекті киді. Басқа жігіттермен салыстырмалы түрде Бишімбаев қана Салтанаттың қолын сұрады. Қуандықтың кінәсі – оның адамдығы. Ол басқа жігіттер сияқты Салтанатты тастап кете алмады”, – деді ол.
Сөзінше, Салтанаттың өзі де мұндайға жеткізді, өзі тілеп алды. Күйеуінің мінезін біле тұра, оны тілдеп, қорлай берді дейді адвокат. Оның бұрынғы өмірін жасырғаны қайғылы жағдайға бірден-бір себепші дейді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!