Жұма, 27 желтоқсан, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Былтыр қалада 190 өрт оқиғасы орын алды

26.01.2023

481 0

Өткен жылы Қызылорда қаласы аумағында 206 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген. Оның ішінде, 15 оқиға табиғи сипаттағы, 191-і техногенді сипаттағы төтенше жағдай. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов толық мәлімет беріп өтті.

– Жыл көлемінде жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан қала көлемінде 190 өрт оқиғасы орын алды. Өрттің басым көпшілігі, яғни 116 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында, 50 өрт оқиғасы автокөлікте орын алған. Ал, дала өрттерінің алдын алу мақсатында 2 мобильді топ құрылып, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндерінде алқаптарға рейд жұмыстарын жүргізді, – деді басқарма бастығы Жасұлан Қалдыбайұлы.

Жылу беру маусымында тұрмысы төмен осал топ санатына жататын тұрғын үйлерге 469 дана көмір қышқыл газын анықтайтын «Газосигнализатор» құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар, суға шомылу маусымында су айдындарының рұқсат етілмеген қауіпті аймақтарына 60 дана «Суға шомылуға тыйым салынады» тақырыбында ескертпе тақтайшалары орнатылды. Сондай-ақ, жазғы маусымда балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуынан, қорғағыш торлардың нашар бекітілуінен балалардың терезеден құлау оқиғасының 9 фактісі тіркелген. Өткен жылы Сырдария өзенінің су басу қаупі бар аймақтарындағы, яғни Бірқазан бекеті тұсындағы Сырдария өзені, «Оңжағалау» қорғаныс бөгеті және Сырдария өзені бойының Сырдария ауданы мен «Үштам» участогының аралығындағы қорғаныс бөгеттері нығайтылды.

– Қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынының алдын алу, су айдындарында балық аулау, мұздағы қауіпсіздік және басқа да қыс мезгілінде орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, төтенше жағдайды болдырмау үшін қала тұрғындарын сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз,- деп қорытындылады басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: