Жұма, 27 желтоқсан, 09:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Далада ойнап жүрген бала комаға түсті

27.09.2021

1439 0

Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жаттығу арқанына оралып, тұншығып қала жаздады.

Бұл туралы жергілікті «Мой ГОРОД» басылымы хабарлады.

Сенбіде Громова көшесіндегі аулалардың біріндегі ойын алаңында тоғыз жасар бала құлап кетіп, жаттығу арқанына оралып қалды.

Ол «тұншығу» диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомство сонымен қатар ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы ойын алаңдарында жарақат алуға негізгі себеп болатынын атап өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегуші өте ауыр жағдайда комаға түскенін жеткізді. Бала қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: