Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында тепловоз әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Алайда пойыз астына түсіп, денесі екіге бөлініп қалған.
Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалған. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!