Екі жасар бала терезеден құлап кетті. Оқиға Атырауда орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz
26 қыркүйекте сағат 12:50-де Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданындағы «Модерн сити» тұрғын үй кешенінің 4-қабатынан екі жасар бала терезеден құлап кетті.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
Облыстық ТЖД ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Атырауда балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 9 оқиға болған. Оның ішінде екі бала қайтыс болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!