Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Екі жасөспірім жауапсыз махаббаттан өзіне қол салды

31.01.2024

605 0

Сурет: stan.kz

Қайғылы жағдай 2023 жылдың аяғында Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое және Күршім ауданында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, жасөспірім қыздар өлер алдында хат жазып қалдырған екен. Олар хатта сезімі туралы жазып, өліміне ешкімді жазғырмауын сұраған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Былтырдың өзінде облыста жасөспірімдер арасында 37 суицид дерегі тіркелген. 

“Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауына немесе суицидке баруына көбіне ата-анасымен, өгей әкесімен немесе қамқоршымен арадағы жанжалдар себеп болады. Аталған себептерге байланысты 11 дерек тіркелді. Эмоциялық күйзеліс пен жауапсыз махаббат 6 жасөспірімнің өліміне себеп болды. Оқудағы қиындықтарға байланысты 2 дерек тіркелді. Қылмыстық жазадан қорқу, жақындарынан айырылу немесе жай ғана өмірден баз кешу секілді түрлі себеппен 10 дерек тіркелді”, – дейді ШҚО ПД тергеу бөлімінің жетекшісі Дәурен Имандиев.

Осыған байланысты психологтар ата-аналардан балаларға көп көңіл бөлуін сұрайды.

“Ата-ана мен балалардың арасы алыстап кеткенін байқап отырмыз. Ересектер материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, ақша табу мәселесіне көбірек бас ауыртады. Сөйтіп жүріп олар баланың эмоциялық жағдайына назар аудармайды. Бұл жағдай өзара жанжалға себеп болады. Өйткені 30%-дан астам жағдайда жасөспірімдер ата-анасымен болған жанжалдан кейін өзіне қол жұмсайды”, – дейді облыстағы психологиялық көмек және қолдау орталығының жетекісіші Лилия Куземко.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: