Ел ішінде сөз тауып айтатын айтқыштар аз емес. Мұндай оқиғалар әрбір ауылда болуы мүмкін. Бүгін біз жұртқа күлкі сыйлаған әңгімелерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Біздің ауылда Мырқымбай деген кісі бар. Бір күні ауылдағы бір үйдің есігін қағып тұр екен.
– Сарайыңның кілтін берші.
– Не қыласың оны?
– Тракторымды алайын деп едім, – депті.
Сөйтсе тракторымен соғып, сарайға кіріп кетіпті. Не керек, ауылдың адамдары әлгі сарайдың қабырғасын өріп жатып:
– Ойпырмай, қайта пешке соқпағаныңды айт, әйтпесе бұл кезде соны істеп отыратын едік. Қайта жармен тоқтапсың, – десе:
– Көзім бар емес па енді, – деген екен.
***
Мырқымбай ауылда ананы-мынаны құртып, әбден жексұрын болыпты. Сөйтіп, құлағым тынышталсын деп біраз уақытқа қойлы ауылға кетіп қалыпты. Бір аптадан соң ауылдан бір жігіт келеді. Екеуі біраз қауқылдасып, ауылдың жай-күйін сұрасыпты. Біраз жаңалықты тізбектеп болып, ауылдан келген жігіт:
– Пәленшенің кемпірі о дүниеге аттанды, – дейді.
– Менен көріп жатқан жоқ па?
***
Бір оқыс жағдай болып, Мырқымбайдың нағашысының екі аяғын кесіп тастапты. Мырқымбай көңілін сұрап үйіне барады.
–
– Тәуекел. Ештеңе қылмайды, Алланың басқа салғаны ғой.
– Ненің тәуекелін айтып отырсың, мешел боп қалдым.
– Қайта жақсы ғой, шуаштан құтылған жоқсың ба?
***
Бірде Мырқымбай жақын досымен қатты ренжісіп, бірін-бірі көрместей болып кетіпті. Әлгі досы былай деп смс хабарлама жіберіпті:
– Көрмегенім сен болсын, Телефоныңнан нөмірімді өшір.
– Бұл кім екен?, – деп жауап жазыпты Мырқымбай қырт.
***
Мырқымбайдың көшеде мас болып жатқанын көрген жас жігіттер қағытқысы келіп:
– Аға, тұрсаңызшы, таң атты, – десе,
– Аа, сенің орныңа жатып алдым ба, – деп былай аунапты.
***
Мырқымбайдың көлік айдауды енді үйреніп жүрген кезі екен. Бір бұрылыстан өте бергенде көшеде тұрған көлікке жолаушы отыратын жақпен соғады. Қасында отырған ағасы:
– Әй, көзіңе қарамайсың ба, – дейді.
– Мен неге қараймын, қайта сіз қарамайсыз ба, мен жақ па не соққан? – деген екен.
***
Көрші ауылда Шықбермес Шығайбай секілді Сырықбек деген адам бар. Қатарлары біздің ауылда тұрады. Бір күні әлгі үйге Мырқымбай жолы түсіп барыпты. Бір жиында достары:
– Сен Сырықбектің үйінде қонақ болып қайтыпсың ғой. Не жаңалық болып жатыр екен, – дейді.
– Жаңалығын білмедім. Тарақандары аштан өліп жатыр екен, – деп жиналғандарды күлкіге қарық қылыпты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!