Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Енді Шерзат Болаттың әкесін қорқытып жатқандар кімдер?

13.10.2024

518 0

Сурет:alash.kz

Талғарда болған трагедияға байланысты марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Нұрымова баласы Қаржаубай Нұрымовқа біреулер хабарласып, қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

«Балама қоңырау соғып, «көріңді қаза бер» қорқытып жатыр. Бізге көмекке адам керек. Келген әкімдерге де, журналистерге де айтып жатырмын. Көршілер үйіңізге адамдар кірген деп айтып жатыр. Есікті ашып, кірген, аралап жүрген, бірақ ештеңе алмаған дегенді айтты. Көршілер қарауылда отыр. Балалар қорқып, «үйге барайық» деді. Мен «жоқ, баламның қырқы өтсін, мәселені біржақты етіп алайық, қатарласып жатсақ та осы үйде болыңдар» дедім. Рұқсат бермедім. Соның арқасында олар аман қалды.Бір көршім «тәте, кеше сағат 5-те жұмысқа кетіп бара жатқанда нөмірсіз екі «Мерседес» көлігі көшені айналып жүрген, сосын кетіп бара жатқан соң сіздерді шошытпайын деп айтпадым деді. Таңертең қайтып келе жатсам, сол көліктер тағы тұр екен. Жоғары органдарға айтпадыңдар ма адам берсін деп» деді. Міне, үй өртенді, балам өлді. Содан кейін ғана есігіміздің алдына патруль көлігін берді. Оған дейін үкіметіміз қимылдауға болатын еді. Менің таңғалатыным, олардың (қылмыс жасаған адамдардың – ред.) үйіне, көшесіне патруль көлігін беріп қойыпты. Бізді шабуылдайды деп. Үкімет солардың сөзін сөйлеп тұрған сияқты», – дейді марқұм Шерзат Болаттың әжесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: