Ақтөбеде үш жасар қыздың зардап шеккен жол апатының мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Көпқабатты үйлердің ауласында бала көліктің астына түсіп қалған. Ата-анасы сол уақытта қайда болғанын полиция әзірге анықтай алмай отыр.
Жантүршігерлік оқиғаны домофон камерасы түсіріп алған. Бейнежазбадан қыздың үйдің кіреберісіне қойылған көліктердің арасымен өтіп, жолға қарай жүгіріп шыққаны көрінеді.
Сол сәтте жанынан көлік пайда болады. Көлік жүргізушісі уақытында тоқтата алмағаны байқалады.
Нәтижесінде бала Toyota Fortuner көлігінің астына түсіп қалған.
Зардап шеккен қыздың жалғыз болған себебін полиция тексеріп жатыр.
Көлікті 29 жастағы жігіт басқарған. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қыздың жағдайы ауыр.
«Жағдайы ауыр деп бағалануда. Диагноз: аралас жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, жамбас сүйектерінің сынуы», – деп түсініктеме берді Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматологы Қуантай Махамбетов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!