Сенбі, 21 желтоқсан, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам әйелін ұрып-соғып, өзі 10-қабаттан секіріп кеткен

03.10.2024

376 0

Сурет: depositphotos.com

Ер адам әйелін ұрып-соғып, денесіне зақым келтіріп, кейін оныншы қабаттан секіріп кетті. Оқиға Астанада орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған. Ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан.

«Полицияға ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Ерлі-зайыптының арасында жанжал болғаны, ер адам әйелдің денесін жарақаттап, кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіргені анықталды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: