Бішкекте Патрульдік-посттық қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол сол сәтте өз әйелін пышақтап жатқан. Бұл туралы Свердлов ауданының ІІБ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 17 желтоқсанда, Шығыс автобекетінде болған. Сағат 11:44 шамасында «102» пультіне хабарлама түсті.
Құқық қорғау органдары оқиға орнына бірден жеткен.
33 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Свердлов ауданының ІІБ бұл дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Әйелдің денесінен дәрігерлер 22 пышақ жарақатын анықтаған.
Бұл туралы 24.kg сайтына Бішкек қаласының Жедел медициналық орталығы директорының орынбасары Егор Борисов хабарлады.
Егор Борисовтың айтуынша, әйелдің денесіндегі жарақаттар келесідей:
• Алдыңғы кеуде тұсы мен оң жақ бүйіріндегі ұзындығы 1,5-тен 4,5 сантиметрге дейін 12 пышақ жарақаты;
• Оң қолы мен иығында үш жарақат;
• Білек тұсында бір жарақат;
• Сол қолындағы білекте ұзындығы 1,5-тен 3 сантиметрге дейінгі үш жарақат;
• Сол жақ жауырын аймағында екі жарақат;
• Оң тізесінде бір жарақат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!