Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген 

31.07.2024

238 0

Фото: Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті

Таразда ер адам әйеліне жанар-жағармай шашып, өртеп жіберген. Қылмыс 30 шілдеде сағат 22:59 шамасында Дальняя Қарасу көшесінде орналасқан тұрғын алабында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған ақпаратқа сай, отбасылық жанжал кезінде ер адам 1980 жылы туған әйелге бензин шашып, өртеп жіберген. Әйелдің денесін күйік шалып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның 54 жастағы күйеуі іздестіріліп жатыр. 

Көршілерінің айтуынша, ер адам бұрын сотты болып, түрмеден жақында шыққан. Оқиға кезінде үйде балалар да болған.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 шілде күні сағат 22:59-да Тараз қаласында Дальняя Қарасу сілемінде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. 

«Өрт сөндіру қызметі жалынды сағат 23:32-де сөндірді. Өрт орнынан бір газ баллоны шығарылды. 1980 жылы туған әйел ауыр халде термиялық күйікпен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осы өртке қатысты жиналған құжаттар өрт сөндірушілер мекемесіне берілді. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: