Бейсенбі, 07 қараша, 08:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Ер адам мас күйінде автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған

17.08.2024

180 0

Сурет: massaget.kz

Ер адам мас күйінде автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Оқиға Шымкентте орын алған. Соққыға жығылған автобус жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Қазір стационарлық ем қабылдап жатыр. Қоғамдық көлік тізгіншісі оқыс оқиғаның мән-жайын айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Жолаушы соққыға жыққан автобус жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Аты мен жүзін көрсетпеуді өтінген азамат оқыс оқиғаның аяқ асты орын алғанын айтады. Оның сөзінше күдікті бұған дейін де мас күйде қоғамдық көлікке мініп, тізгіншілерге тиісіп жүріпті. Ал кеше ол жәбірленушіге қатты сөйледің деп жұдырығын ала жүгіріпті.

«Бір күн бұрын ол менің маршрутыма мінген еді. Кереметтен түсіп қалды. Қолында арағы бар еді. Ертесіне мешіт жақтан қайта мінді. Мінді де жаныма отырды. Сайрамға келгенге дейін тыныш отырды негізі. Кейін бастады ғой. Арамызда қатты айқай, шу да болған жоқ. «Неге қатты сөйлейсің?» дейді. Мен түскен адамға қатты сөйлеген жоқпын, тез түсіп қалдыңыз дегенмін. Келіп боқтады. «Неге боқтайсың?» деген кезде келді да ұрды. Мұрным қанады. Көзім қарауытып кетті. Автобусты тоқтатып тұрамын дегенше бірнеше соққы беріп тастады», – дейді автобус жүргізушісі.

Науқасқа дәрігерлер жабық бас миының шайқалуы және беттің жұмсақ тінінің зақымдануы деген диагноз қойған. Қазір тұрғын стационарлық ем қабылдап жатыр.

«15 тамыз күні жедел жәрдеммен келіп түсті. Қабылдау бөлімінде нейрохирургтер көмек көрсетті. Тексеру барысында бас миының жарақаты анықталған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ем шарасын алып біткен соң амбулаториялық емге жіберіледі», – дейді нейрохирург Бабур Юсупов.

Айта кетейік, оқиға орнында қатты соққыдан бір әйел қаза тапты. Ал күдікті қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: