Бейсенбі, 26 желтоқсан, 05:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам медициналық орталықтың күзетшісін ұрып тастаған

07.07.2024

467 0

Сурет: massaget.kz

Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адам медициналық орталыққа келіп, күзетшіні ұрып тастаған, – деп хабарлайды Massaget.kz

Оқиға Пацаев көшесіндегі жеке медициналық клиникада болған.

41 жастағы мас ақтөбелік кассада тұрған қыздан ұялы телефонын тартып алған, оған қоса көмекке келген күзетшінің беті мен басынан екі рет ұрған. Күзетші құлап, орнынан тұрмақ болғанда шабуыл жасаған ер адам тағы бетінен тепкен.

Бұзақылық бабы бойынша шабуыл жасаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек ол созылмалы психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды. Сот күзетшіге шабуыл жасалған кезде ол өзінің әрекетін түсінбегенін анықтады. Оған психикалық жағдайы бойынша ауруханада мәжбүрлі ем қажет болған. Жәбірленушінің өзі айыпталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қойған жоқ.

Сот бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлі емге жіберді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: