Павлодарда 48 жастағы ер адам көп қабаттың үйдің оныншы қабатынан құлап, мерт болды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.
Ер адам дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Ақпаратты жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі растады.
Ер адамның жоғарыдан құлаған сәтін сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Видеодан оның сымға ілініп біраз уақыт тұрғанын байқауға болады
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!