Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам қызғаныштан келіншегін буындырып өлтірген

13.12.2024

340 0

Сурет: gujaratimidday.com

Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен.

Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

 «Жұбайын өлтіру бойынша 1 факт орын алған. Ол биыл болған. Жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді сотталушы азамат. Сол қызғану себебінен ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айрылған. Жасы 50-дегі азамат», – деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: