Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам туған балаларын пышақтап, видеоға түсірген

26.09.2024

277 0

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде балалардың жантүршігерлік өлімі туралы тағы бір ақпарат тарады. Бұл туралы НеМолчиKZ қоры әлеуметтік желіде жариялады.

Қор мәліметінше, ер адам туған балаларын пышақтап тастаған. Марқұм балалардың бірі 2-сыныпта, енді бірі 5-сыныпта оқыған.

«Биыл қаңтарда әкесі балаларды жалға алынған пәтерге апарып, алдымен бір баласын, содан кейін екінші баласын пышақтап тастаған, артынша өзіне де пышақ сұққан. Бірақ аман қалған. Ол әйеліне «Енді осылай өмір сүр, оларды сен өлтірдің!» деген. Олар 17 жыл бірге өмір сүрді, ал кейінгі уақытта ер адам әйелін опасыздық жасады деген күдікпен қинап жүрген», – деп жазылған қор мәліметінде.

Ал әйелдің туыстары БАҚ-қа берген сұхбаттарында ер адам қызуқанды болғанын, тіпті жасы келген қарт адамға да күш көрсеткенін, жұмыс істемегенін, бейнебақылау камераларын қойып, әйелдің ізіне түскенін айтқан. 

«Іс қозғалды, тергеліп жатыр. Бірақ алдын ала жалға алынған пәтерде өз балаларын өлтіруді жоспарлаған және кісі өлімін видеоға түсірген әкеге жай ғана «шизофрения» деген айып тағылып жатыр. Бұрын мұндай диагноз қойылмаған. Балалардың анасының айтуынша, күйеуінде тәуелділік, психикалық ауытқулар немесе оғаш мінез-құлық болмаған. Ер адам видеоны әдейі түсіріп, туыстарына жіберген», – деп жазылған қор мәліметінде.

Марқұм балалардың анасы сот пен әділдікті күтеді. Қылмыстық іс ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: