Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам үш айлық сәбиін теуіп, әйеліне пышақ ала жүгірген

03.08.2024

295 0

Сурет:alash.kz

Белгілі құқық қорғаушы, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек жантүршігерлік жағдай жайлы жариялады. Ол үш айлық сәбиін теуіп, лақтырып жіберген, артынша әйеліне пышақ ала жүгірген ер адам туралы адам шошырлық оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Айгүл Орынбек жантүршігерлік жағдайды мәлім етті. Оның хабарлауынша, зардап шеккен сәби мен ананы аурухана қабылдамай қойған.

«Неге жалғыз менің жүрегім ауру керек? Ел қандай істерде жүретінімді көрсін. Түнгі сағат 4:00-те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр», деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар, «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған. Бірақ өте кеш бала басына қан кетіп реанимацияға түскен. Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ жүгірткен оңбаған әлі қамауда емес. Әшейінде басқаларды бірден қамауға алатын прокуратура бұл жолы нені күтіп отырғанын білмеймін?» – дейді адвокат.

Сонымен қатар, құқық қорғаушы 53 жастағы еркекті ақтап алғысы келіп жатыр ма екен деген ойы бар екенін де айтты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен Шымкент прокуратурасы қалай күресіп жатқанын көріңіздер! Ауруханаға барса «адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек. Шымкентте бала құқығын қорғайтын омбудсмен бар ма өзі?» – дейді Айгүл Орынбек.

Кейіннен құқық қорғаушы көп ұзамай, осы жазбадан соң, ІІМ басшысы Ержан Сәденовті белгілеп, тағы бір сорақы жағдайды айтты:

«Ана мен баланың видеосы интернетке салынған соң, тергеушілер түнгі екі де ауруханаға келіп тұр. Түн ішінде анасын барып мазалаңдар деп тергеушіге бұйрықты кім берді? Күндіз келіңіз, түнде мазалауға құқыңыз жоқ десем, тергеуші дөрекілік танытып отыр.

Түнгі екіде келіп, қорғаушысыз, заңгерсіз ауруханада жатқан ананы мазалауға ешкімнің құқысы жоқ. Күні бойы не істедіңдер?» – деп жазды Айгүл Орынбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: