Астанада ер адам жедел жәрдем көлігінің алдыңғы әйнегін сындырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түн ортасында полицияға жедел жәрдем жүргізушісі телефон соғып, Бейбітшілік көшесінде белгісіз ер адамның қызметтік автокөліктің алдыңғы әйнегін зақымдағаны жөнінде арыз түсірген.
Анықталғандай, 44 жастағы азамат алкогольдік масаң күйде көшеде жүріп, қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырып жіберген. Соққы салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған. Полицейлер құқық бұзушыға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады АСтана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері елордада осы бап бойынша шамамен 3 мың тұрғын жауапкершілікке тартылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!