Жақында Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында Сырдария аумағында аса ірі көлемде «кептірілген марихуананы» жасырын сақтап жүрген 52 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.
Тергеп тексеру кезінде жалдамалы фазендасына тінту жүргізіліп, күдіктінің көрсетуімен жалғыз ұңғылы қару, 2 дана 16 калибрлі патрон, 5 дана фазенданың әр жеріне жасырып қойған жасыл түсті ерекше хош иісі бар өсімдік тәріздес айғақты заттар алынып, тағайындалған сараптаманың қорытындысында жалпы салмағы 1 келі 747 гр «кептірілген марихуана» екені анықталған. Күдікті өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындап, өзінің есірткі затына тәуелді екендігін айтқан.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көрсетілген баптың санкциясында үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткімен айналысу ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады. Қазіргі таңда күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу жүргізілуде, – Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!