Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Алматыға қону себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми жауапта көрсетілгендей, ұшақ қолайсыз метеоахуалдан соң бағытын өзгертуге мәжбүр болған.
«19 ақпанда Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының КС7325 әуе рейсі желдің қатты соғуынан бағытын бұрып, запастағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Ұшақ Алматыға 8.11-де штаттық режимде қонған. Одан кейін 10:30-да әуеге көтеріліп, 11:49-да Шымкент әуежайына қонды», – деді әуе компаниясынан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!