Сенбі, 21 желтоқсан, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Киімінен көтеріп, сүйреп ала жөнелген»: Балабақшада бүлдіршінге жасалған дөрекі әрекет видеоға түсіп қалды

22.11.2021

1232 0

Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласындағы жеке меншік балабақша қызметкерлерінің бірінің бүлдіршінге дөрекі қылық танытқан жазбасы таралып кеткен. Видео көпшіліктің талдауына түсіп, алдағы уақытта мектепке дейінгі мекемеде тексеру жүргізу жоспарлануда.

Жазба кадрларынан сырт киіммен еденде жатқан кішкентай қыздың киімін шешкісі келмей жатқанын көруге болады. Сәлден соң балаға балабақша қызметкері келіп, қыстық күрткесінен көтеріп өзімен бірге сүйреп ала жөнеледі. Бейнежазбаның сипаттамасында мұндай жағдайлардың бұл мекемеде жиі болып тұратыны жазылған.

«Мен психикалық дертке шалдыққан қызметкерлердің балаларға осындай әрекет жасауының еріксіз «куәсі» болып отырмын. Мен сіздерден бұл жазбаны жасырын түрде жариялауларыңызды сұраймын, өйткені мұны мен ортағасырлық садизмнің бір түрі деп санаймын. Бұл жеке мекемедегі өңкей садистер 40 000 теңгеге балалардың психикасын бұзып жатыр. Ол жерде жүрегі ауыратын бала бар, ал олар оған айқайлап, истерикаға дейін алып келеді. Мен бұл жағдайға барлық немқұрайлы қарап отырмайтын адамдардың назарын аударғым келеді», – делінген жазбаның түсіндірмесінде.

Бейнежазбаға Қарағандының білім басқармасы түсініктеме берді. Ведомствода білім бөлімі видеомен толық танысып шыққанын атап өткен.

«Біз жазбамен таныстық. 22-23 қарашада аталған балабақшада қызметтік тексеру жүргізілетін болады. Нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз», – деді білім бөлімі.

Желі қолданушылары өз кезектерінде зардап шеккен баланың ата-анасы полицияға арыз жазуы керек деп санайды.

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: