Испанияда сегіз жасар қыз ойнап жүріп, өшірілген кіржуғыш машинаның барабанына кіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол одан шыға алмады. Ата-анасы да өз беттерімен баланы құтқара алмай, құтқарушыларды шақырған, – деп жазады Need to Know.
Қызды алып шығудың басқа жолы болмағандықтан, оларға кір машинаның бірнеше бөлігін кесуге тура келген. Құтқару операциясына 50 минут жұмсалған. Баланың аяғында бірнеше көгерген жарақаттар бар, бірақ басқаша жарақат алмаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!