Жуырда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына 39 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған «Опель астра» маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған.
Автокөлікті айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін «Тосқауыл іс-шарасы» аясында сол күні кезекшілікті болған қызметкерлерге жедел хабарлама берілген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің қала көшелерінің бірінде өрескел қателіктер жасап жол-көлік оқиғасын жасағандығы анықталды.
30 жастағы қала тұрғынын ұстап тексеру барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Аталған дерек бойынша бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!