Сейсенбі, 06 мамыр, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Көпірден секіріп кеткен ер адам соңғы сәтте құтқарылды

18.04.2025

371 0

Астанада көпірден секірген ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 06:35 шамасында кезекшілік кезінде полицейлер «Арқар» көпірінің қоршауынан асып өткен ер адамды байқаған. Олар дереу оқиға орнына жеткенімен, азамат сол сәтте суға секіріп кеткен.

Жағдайды бағамдаған полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков бірден суға түсіп, зардап шеккен азаматқа қарай жүзген. Ол ер адамға құтқару шеңберін кигізіп, оны жағаға алып шыққан. Бұл уақытта жедел жәрдем тобы дайын тұрған.

«Ойлануға уақыт болмады. Мен жақсы жүземін, сондықтан өзіме сенімді болдым. Жылдам әрекет ету керек болды. Бұл – менің полиция қызметкері әрі адам ретіндегі парызым. Мұндай сәтте тек бір ғана мақсат болады, ол – адамды құтқару», – деді Нұрсұлтан Динабеков.

Зардап шеккен азаматқа қажет медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: