Жексенбі, 12 қазан, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Көпқабатты үйден 33 адам эвакуацияланды

12.10.2025

64 0

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар Қарағандыда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден 33 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Анжерская көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.

Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер қатты түтінге толып, жалынның жоғарғы қабаттарға тарау қаупі болған.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында түтін басқан подъезден 8 адам, соның ішінде екі бала құтқарылды, сондай-ақ 25 адам (оның ішінде 7 бала) эвакуацияланды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылғы 12 қазанда.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: