Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.
22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі – бала.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, ал төменде оларды адамдар қағып алған.
Екі бала да ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!