Балқашта жылу трассасының құбырларын ауыстыру кезінде шамамен үш адамның сүйегі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қызметкерлердің сөзінше, оқиға орнына келген құзырлы органдар шамамен үш адамның сүйегін тапты. Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі адам сүйектері табылғанын растады.
«Адам сүйектері табылды, оларда зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сарапшылар адам сүйектері жерастында қанша уақыт жатқанын және зорлық-зомбылық болып-болмағанын анықтауы керек. Сондай-ақ полицейлер қаза тапқандардың жеке басын анықтайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!