Мамандар апат болған орынды геосканермен белгілеп, техника жете алмайтын шұңқырды қолмен қазып жатыр. Құтқарушылар 3 метрге тереңдей түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысында тау-кен құтқарушылары жер астына опырылып түскен автобус орнында іздестіруді жалғастырып жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, экскаватор түбіне түсер алдында тау-кен инженері барлау жұмысын жүргізеді. Техниканың ілгері жылжуы үшін зілзала орындарын анықтайды.
Сонымен қатар іздестестіру орнында кинологиялық есептеулер үнемі тексеріледі.
«Геосканермен белгіленген нүкте ауданына мамандар шамамен 3 метрге тереңдей түсті. Іздестіру аумағын кеңейту және металл іздегішпен учаскені зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда, апат орнында жиі топырақ пен тау жыныстары үгітілгендіктен, үлкен тастарды тазарту қиынға соғып жатыр», – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Ал техника жете алмайтын жерлерде құтқарушылар пневмоэлектроинструменттердің көмегімен қолмен тазартып жұмыс істейді.
«Павлодар облысы ТЖД ТЖБ және КӘАҚҚ РО құтқарушылары шұңқыр түбінде экскаваторшы мен басқа да мамандар жұмыстарының сақтандырылуы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Құтқарушылар шұңқырға құлаған автобустың бөлшектерін тапты. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!