Сейсенбі, 26 қараша, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Майқайың кенішінде шұңқырдың ортасына жақындаған сайын қауіп артуда – Төтенше жағдайлар басқармасы

16.01.2024

220 0

Фото:  Stan.kz 

Құтқарушылар Павлодар облысы, Майқайың алтын кенішіндегі шұңқырдың ортасына жақындаған сайын опырылып құлау қаупі артып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде техниканың опырылған жердің түбіне өтуі үшін колонна жолын кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Тәулік бойы 20 бірлік ауыр техника жұмыс істейді. Жұмыстың барлық кезеңінде 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. 

Жер қозғалысын уақытылы анықтау үшін құлау аймағына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника, кинологиялық бригада және екі дрон жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені хабарланған. Кейін екі адамның қаза тапқаны хабарланды.

Автобуста 4 адам – Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының қызметкерлері болған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м екені айтылады. Бұған дейін топырақтың құлау қаупіне байланысты жұмыстар күрделене түскені хабарланған.

Сондай-ақ денесі табылған екі құтқарушының есімдері аталған. Сарқыт Берліқан, 23.10.1999 ж. т. және Олег Тышкевич, 18.09.1970 ж. т., тағы екі құтқарушыны іздеу жалғасуда. Өзге зардап шегушілер жоқ екені айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: