Бейсенбі, 26 маусым, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Масқара: Баланы OLX арқылы сатпақ болған

26.06.2025

74 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Желіде біреу өзбекстандық үш жасар баланы OLX онлайн платформасында сатуға қойған. Жарнамаға сәбидің фотосы қойылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға бірден балалар омбудсменінің назарын аударды. Олар жағдайды ерекше бақылауға алды.

Уәкілдің өтініші бойынша ішкі істер органдары бұл істі қолға алды. Қазір шын мәнінде не болғанын және оның артында кім тұрғанын тексеріп жатыр.

«Мұндай әрекеттер баланың өмірі мен бостандығына тікелей қауіп төндіреді. Осындай қылмыстарға қатал реакция білдіру керек», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары қазір тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта ресми құқықтық баға беріліп, кінәлілер жазаланады. Балалар омбудсмені егжей-тегжейлі ақпаратты кейін беруге уәде етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: