Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мейірім

25.12.2021

1097 0

Жақында бір әдемі көріністің куәсі болдым. Түскі үзіліс. Жұмыстан қайтып келем. Межелі жеріме жеткесін маршруттан түсіп қалдым. Аялдамаға таяу маңда азық-түлік дүкені бар. Үйге қажетті бірнеше зат алмақ болып, әлгі дүкенге бет түзедім.

Алыстан қарауытқан бірдеңені көзім шалып келеді. Жақындағанда бір-ақ аңғардым. Тротуар бойында тұрған қап-қара марғау екен. Ерсілі-қарсылы адамдар өтіп жатыр. Дегенмен, әлгі жаураған, мына әлемге бейкүнә көзбен қарап, ашқұрсақ баладай көмек сұраған мысықты ешкім көзге іле қоймады. Сол мезетте маған қарама-қарсы беттен аяғын анық басып, әп-әдемі бойжеткен келе жатты. Бірақ ол өзгелер секілді өтіп кетпей, әлгі марғауға таяп барып, қасына сәл аялдады. Мысықтың жанына отыра қалып, басынан сипап, жұбатқандай болды.

Сөйтіп, мен бара жатқан дүкенге бет алды, мен де ізінен ілестім. Мысық дірдектеген күйі далада қалды. Менің алдымда кезекке тұрған әлгі бойжеткен өзіне керек заттармен қоса, мысыққа арналған «Вискастың» бірнешеуіне ақша төледі. Сосын дүкен сатушысынан бұрышта үйіліп тұрған көп қораптың біреуін сұрап алда да, рақметін айтып, сыртқа шығып кетті. Менде керек-жарағымды түгендеп, іле-шала ізінен шығып едім, бойжеткен мысықты қорапқа салды да, көшеден такси тоқтатып, мініп кетті.

Мына бір жайтты көріп, мына әлемде әлі де болса, мейірімділік бар екен-ау дедім. Жүректерде адамдық пен адалдық, қамқорлық пен мейірімділік үстемдік құрмаса, жер беті әлдеқашан құрдымға кетер еді. Бұл да Алланың адам баласына берген нығметі шығар деген ой түйдім.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: