Жұма, 27 желтоқсан, 01:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқушысы итті аяусыз пышақтаған

01.11.2024

569 0

Мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтаған. Оқиға Ақтөбе облысында орын алған – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мессенджерлерде оқиғаның видеосы тарап кетті. Кадрларда жасөспірім далалы жерде тұрып, иттің басына, денесіне пышақ сұққаны көрінеді. Кейін ол итті тепкені, ал кадрлардың аяғында ит қансырап жатқаны байқалады.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Темір ауданында болған.

«Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында бала итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазба анықталды. Тексеріс барысында оқиға биыл мамырда Темір ауданында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені анықталды», – деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқушы ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Полиция бұл оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралатынын хабарлады.

«Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», – деп жазылған облыстық Полиция департаментінің жауабында.

Жасөпірім оқитын мектеп директоры оқушымен мамандар жұмыс істейтінін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: