Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты

03.09.2025

43 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы жағдай шаһардағы шағынаудандардың бірінде болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, кәмелетке толмаған балалардың арасында жанжал болып, олардың бірі суық қаруды оқушының кеуде тұсына сұғып жіберген. Жедел жәрдем келгенше жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. Білім басқармасы аталған оқиға оқу процесінен тыс уақытта болғанын мәлімдеді. Төбелестің неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.Тергеу мүддесіне орай, өзге ақпарат жарияланбайды», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: