Мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты. 16 адам зардап шекті. Оқиға Ақмола облысында орын алған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында жаназа ас кезінде болған.
Газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты, – делінген хабарламада.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарған, барлығы жеті баллон болған.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалап жатыр. Аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.
Ақпарат көзі: qaz365
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!