Жұма, 27 желтоқсан, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Министр көбінесе кімдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтынын айтты

18.10.2022

644 0

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ІІМ мәліметінше, 80 пайыз жағдайда ер адам отбасылық жанжалға себепкер болады. 52 пайыз жағдайда олардың жасы 30-дан 50 жасқа дейінгі аралықты құрайды. 

«Оның 74 пайызы тұрақты жұмыс істемейді. Ал 90 пайызының кәсіби және жоғары білімі жоқ. Жәбірленушілердің 78 пайызы әйелдер. Көбіне олар зорлық-змбылық көрсететіндерге материалдық және психологиялық жағынан тәуелді болады. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Балалар да зардап шегіп, түрлі қатігез көріністердің куәсі болады», – деді ІІМ өкілі.

Ведомство мәліметінше, ДДСҰ деректері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Олар бұл мінез-құлық үлгісін құрдастарына және басқаларға көрсетеді. 

Министр биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам шағым түскенін айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: