Сейсенбі, 26 қараша, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Мұның жанында кран суы таза»: Астаналық тұрғын автоматтардағы су құрамының зиян екенін анықтады

05.05.2023

635 0

Астанада тұрғын арнайы құрылғының көмегімен филтленген автоматтардың бірінен су сапасын өлшеген. Тәжірибе нәтижесінде бұл құрлығылардағы сатылатын судың тұздылығы мен кермектігі тіпті кран суынан да нашар болып шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

TikTok желісінде Алексей Дикий атты қолданушы су автоматының біріне тәжірибе жасау арқылы көпшілік тұтынып жүрген судың құрамында белгіледен нормадан асқан зиянды заттар бар екенін анықтады. 

«417-419 промилле, яғни кермектік деңгейі кран суына қарағанда жоғары. Одан бөлек мұндағы су тіпті жылы.  Ал тұз деңгейінің қандай екенін түсіне беріңіз. Бұл рұқсат етілген нормадан бірнеше есе жоғары және денсаулыққа қауіпті. Қаншама отбасы, балалар оны ішеді. Тіпті сол үшін ақша төлейді.  Мұның жанында кран суы таза», — деді Алексей Дикий.

Тұрғынның сөзінше крандағы судың кермектігінің өзі әдетте 340 промилле болады екен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: