2024 жылдың наурыз айында жоғалып кеткен 3 жасар қыздың сүйегі табылды. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлайды.
Алматы облысы Күш ауылында орын алған оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің (ПД) басшысы Бауыржан Әленов айтты.
Оның айтуынша, баланың сүйегі табылғаны туралы хабарлама Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 2024 жылдың 22 шілдесінде келіп түскен.
«Мәйіт генетикалық және сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кетті.Бауыржан Әленов
Полиция басшысы күдіктілердің қазір қамауда екенін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!