Жұма, 22 қараша, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Облыстың су айдынында балықтар қырылуда

20.02.2022

1177 0

Қызылорда облысындағы Қарашалаң су айдынында балық шабақтарының қырылу жағдайы тіркелді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

18 ақпанда сағат 16.30 шамасында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына балық шабақтарының қырылу оқиғасы тіркелді. Ол Сырдария өзенінен су алатын Сағынбай арнасында орналасқан. Оны жергілікті халық Көгіш деп атайды. Жедел түрде құзырлы органдардың бірлесіп жұмыс жасау алгоритміне сәйкес қажетті іс-шаралар қолға алынды, – деп хабарлады.

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісов.Ведомство ақпаратына сәйкес, бұл бағытта Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан арнайы топ құрылған.Мамандар оқиға болған жерге аттанған. Қосымша ақпарат кейін жарияланады.

BAQ.KZ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: