Қазақстан Жазушылар одағында Мұзафар Әлімбаевтің «Қарағанды жырлары» деген жинағы талқыланып жатады. Президиумды көрнекті жазушы Сәбит Мұқанов басқарып отырса керек. Жазушылар одағы поэзия бөлімінің меңгерушісі Тайыр Жараков екен. Мұзағаң жинаққа енген өлеңдерін бірінен соң бірін оқып тұрады. Ақынның сөзіне түсінбей қалған Тайыр Жароков:
– Әй, бала, тоқта! Әнебір сөзің қалай өзі?– деп қалады.
Мұзағаң сасқалақтап тұрып:
– Оборот қой, – дей салады. Сонда әзілге келгенде алдына жан салмайтын Тайыр ағамыз:
– Онда сол оборотың наборот тұр, – деген екен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!