Көкшетау маңындағы Қызыл Жар ауылында бүгін таңертең пәтерде өрт тұтанып, төрт адам көз жұмды.
Өрт сөндірушілер келгенше әйел мен оның немересі терезеден шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1 сағаттың көлемінде өртті сөндірді.
Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады. Ал оқиға орнынан әйел мен ердің, сондай-ақ, екі баланың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полицейлер мен өрттен қорғау қызметті оттың неден тұтанғанын анықтауда.
«Болжам бойынша, жарықтандырушы тораптың эксплуатациясында бұзылыс болған. Басқа да нұсқалар қарастырылуда», – ТЖ департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов.
Өрттің себебін анықтау мақсатында өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Полиция органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!