Жұма, 27 желтоқсан, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Олар өте ашулы болды»: Ауруханада ем алып жатқан әскерилер тәртіпсіздіктер жайлы сұхбат берді

19.01.2022

1072 0

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде мыңнан аса адам ауруханаға түскен. Олардың ішінде қарақшылардың қолынан зардап шеккен әскерилер мен қарапайым адамдар бар. Олардың бір тобы әлі күнге дейін ем алып, қалыпқа келуге тырысып жатыр. Аман қалған әскерилер сол күнгі оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Ұлттық гвардия сержанты Диас Сапаралы бүлікшілердің алдымен тас лақтырғанын айтады. Әскери жұмыр тастың астында қалып, құлаған. Сол сәтті пайдаланған топ оны соққыға жыққан. 

«Бір кезде есімді жоғалттым. Кейін мені бөлімшеге, лазаретке алып барды. Гипс салды. Шынтақ буыным сынған. Бүкіл денемде, арқамда ісіктер болды. Алғашқыда бетім де ісіп жүрді, себебі беттен ұрды», – дейді Диас Сапаралы. 

Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында қорғаныста тұрған Арнұр Заруханов алдымен жараланғанын айтады. Кейін бүлікшілер бұғанасы мен сол жақ жауырынын сындырған. Арнұр әлі ауруханада ем алып жатыр. 

«Брусчаткамен, арматурамен ұрды. Немен екенін білмеймін, басымнан ұрды. Кейін есімді жоғалттым. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Адамдар өте агрессияшыл болды. Тонау, тәртіпсіздік, бәрі болды», – деп еске алады Заруханов. 

Ауруханаға түскен мыңнан аса адамның ішінде Ұлттық гвардияның 200 сарбазы болған. 

«Негізінен бас жарақатымен келіп түсті. Аяқ-қолы сынған, қолы шығып кеткендер, оқ тигендер болды», – дейді Ұлттық гвардияның 7552 әскери бөлімі медицина қызметінің басшысы Марат Айтбаев.

Қарақшылар әскерилерге ғана емес, қала тұрғындарына да оқ атқан. Саясаттанушылардың сөзінше, террористер осылайша қазақстандықтардың бойына үрей ұялатуға тырысқан. 

Ал зардап шеккендер ем алып жатқан уақытта, өзге тәртіп сақшылары мегаполисті террористерден тазартуда. Алматыда әлі де антитеррористік операция жалғасуда. Қалада қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталуда. Бүгінге дейін жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш мыңға жуық адам ұсталды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: