Оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, курсанттар зардап шекті. Оқиға Шымкентте орын алған. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға ҚР Ішкі істер министрлігі Бауыржан Момышұлы оқу орталығында орын алған.
«Бұл факт жоспарлы оқу іс-шараларын өткізу кезінде болды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде емделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты», — делінген ПД хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!