11 қыркүйекте Оралда түнде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында болған төбелес болды. Ер адамды өлтіріп кеткендер табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекке қараған түні сағат шамамен 00:08-де Назарбаев даңғылының бойында төбелес болғаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Кейіннен оның 1992 жылғы БҚО тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда аса ауыр қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!